Жаңалықтар

Қарағанды облысында кокс шығаратын зауыт іске қосылды

Қарағанды облысында кокс шығаратын зауыт іске қосылды
Фото: gov.kz 16.11.2023 19:01 701

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт жұмысының басталуына пәрмен берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зауыт Қарағанды ​​облысындағы «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Шұбаркөл» разрезінің аумағында орналасқан. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударған импортты алмастыру мемлекеттік бағдарламасына ERG-дің қосқан үлесі болып табылады.

Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірістік қуаттылығы - жылына 400 мың тонна арнайы кокс.

«Негізгі өнімдерімізден басқа, біз жылына 70 000 т көлеміндегі көмір шайыры мен көмір майын өндіруді жоспарлап отырмыз. Өндіріс шикізаты ретінде Шұбаркөл разрезінің Д маркалы көмірі пайдаланылатын болады», - дейді «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.

Айта кетерлігі, жоба бүгін елордада өткен «Қазқамту 2.0» халықаралық форумы аясында ресми түрде қосылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға