Бейнежазбадан скриншот

Қарағанды облысында кәсіпкерлер белгілі дзюдошыға көлік сыйлады

Белгілі дзюдошы, екі мәрте Олимпиада ойындарына қатысушы Жансай Смағұловқа Қарағанды облысында көлік сыйға берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өңірдегі Ақжал елді мекенінде өткен ас кезінде Қанжановтар әулеті белгілі балуанға темір тұлпар тарту етіп, сахнада құрмет көрсетті. 

Бұл туралы балуан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. 

Жансай Смағұлов 2016 жылы Рио Олимпиадасында келіде 66 келіде сынға түссе, 2020 жылы Токиода өткен төртжылдықтың басты ойындарында 73 келіде сынға түсті. Сонымен бірге, ол ұлттық құрама сапында әлем және Азия чемпионаттарына қатысқан. Бұдан бөлек, балуан Гран При және Гранд Слэм бәсекелерінде бірнеше рет жүлдегер атанған.