Жаңалықтар

Қарағанды облысында кәсіпкер әйел мемлекетке 109 млн теңге залал келтірген

Қарағанды облысында кәсіпкер әйел мемлекетке  109 млн теңге залал келтірген
Фото: Видеодан алынған кадр 26.06.2023 12:21 1336

Қарағанды облысында халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын жеке кәсіп иесі «ТехнологияГорМаш» және «ТД СнабСервис» ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды, бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді.

Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға