Жаңалықтар

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 млн теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 млн теңге айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.08.2024 10:50 530

Қарқаралы ауданының тұрғындары қоршаған орта қауіпсіздігіне алаңдап, прокуратураға шағымданған. Осы арыз-шағым негізінде жүргізілген тексерістен соң, «Алтай Полиметаллы» ЖШС  сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарқаралы ауданының прокуратурасы тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

 «Алтай Полиметаллы» ЖШС сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды. Тексеру өткізу үшін аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне талап жолдады. Нәтижесі кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті, - делінген хабарламада.

Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі деп танып, оған ӘҚБтК 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды. Сонымен қатар сот орындаушысы серіктестіктің ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға