pixabay.com

Қарағанды облысында бірнеше үй өртенді

19.08.2024 09:37

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентіндегі қатты өрт салдарынан бірнеше үй күлге айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның егжей-тегжейін Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Түнде Осакаров ауданының Молодежный кентінде бір қабатты екі пәтерлі жеке тұрғын үй өртенді, содан кейін от жақын орналасқан бір типті ғимаратқа өтті, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумақта өртті толығымен сөндірді. Адамдар арасында құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.