Жаңалықтар

Қарағанды облысында бірнеше бағыттағы автожолда қауіп бары анықталды

Қарағанды облысында бірнеше бағыттағы автожолда қауіп бары анықталды
Фото: © El.kz 03.04.2024 05:36 681

Қарағанды облысында 6 жол учаскесінде қауіп туындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде екі республикалық, бір облыстық маңызы бар және үш жергілікті маңызы бар жолдар су шайып кету, жол жамылғысының бұзылуы және еріген судың жол жиегінен асып кетуі тіркелген.

1. Ақтоғай ауданы, облыстық маңызы бар Ақтоғай – Нұркен автожолының 57-ші шақырымында еріген қар суының көп мөлшерде ағуы нәтижесінде жол жамылғысын шайып кеткен (ені 6 м, тереңдігі 2 м). Жол учаскесі жабық, Ақтоғай ауылы арқылы балама жол бар.

2. Ақтоғай ауданы, Нарманбет – Қошқар автожолының 86-шы шақырымында Қаршығалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және еріген судың мөлшері көбеюі салдарынан жолдың көлік жүретін бөлігін (ені 12 м, тереңдігі 1 м) шайып кеткен. Қошқар ауылына апаратын жол жабық, елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.

3. Бұқар жырау ауданы, Бастау – Ақтау – Теміртау республикалық маңызы бар автомобиль жолының 25-ші шақырымында, Нұра стансасының қорғаныс білігіне түсетін жүктемені азайту үшін жол учаскесін бұзу жұмыстарына байланысты, жол жабық.

4. Шет ауданы, Нұраталды ауылдық округі, Шопа ауылына кіреберіс жолында (жергілікті маңызы бар жол), Шерубай-Нұра өзенінің қары еріп, су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде су тасқыны (ені 300 м, тереңдігі 20 см) орын алды. Шопа ауылына жол жүру шектелген. Төтенше жағдайлар департаментінің «ЖҚЖ» ММК қажет болған жағдайда тұрғындарды тасымалдау үшін кезекшілік ұйымдастырылды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.

5. Қарқаралы ауданы, республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автожолының 168 шақырымында жол бетінен еріген қар суы ағып жатыр (ұзындығы 70, тереңдігі 5 см). Көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ. Су басу қаупі жоқ.

6. Шет ауданы, Ақжал ауылынан Алматы-Екатеринбург тас жолына дейінгі жергілікті маңызы бар автожолдың 12 шақырымында еріген қар суы жол бетінен ағып жатыр (ені 150 м, тереңдігі 15– 20 см). Жол учаскесі жабық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға