Қарағанды облысында білім саласында 300 млн теңге ұрланған
Мөлдір Қайнар тілші
Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді. Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

