ҚР ТЖМ

Қарағанды облысында әйел орманда саңырауқұлақ теремін деп адасып кеткен

14.09.2025 20:09

ТЖМ құтқарушылары Қарқаралы орманда адасқан әйелді тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Комиссаровка өңірінде 1962 жылы туған әйел адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ол 13 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында саңырауқұлақ теруге шығып, орманда адасып кеткен.

Іздестіру түні бойы жалғасты. Орман аумағын зерттеу үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппараты мен кинологиялық жасақты жұмылдырылды. Бүгін күндіз ТЖМ іздестіру тобы Комиссаровка шатқалынан 8 шақырым жерде орманда тапты. Құтқарылған азаматша демалыс аймағына жеткізілді, медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген мәліметте.