Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
08.01.2025 01:10
953
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында ауыл мешіті өртенді. Оқиға Томар ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті "Бірінші Қарағанды" телеарнасының мәліметінше, құлшылық жасайтын орын толығымен жанып кеткен. Өрт кешкі уақытта ғимарат бос болған кезде басталған. Жалын жылдам таралып, қою түтін алыстан көрінген.
Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенге дейін өртті өздері сөндіруге тырысқан. Бірақ алапат өрт әп-сәтте шарпып үлгерген. Әлеуметтік желідегі тараған видеода оқиға орнына өрт сөндірушілер дер кезінде жетпегені айтылады.
Бұл мешіт ауыл халқы үшін маңызды рухани орталық болған.
Өрттің шығу себептері анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Келесі жаңалық
Алматыға 1,7 млн турист келді