Қарағанды облысында әскери міндеттілердің жиыны аяқталды
Приозерск гарнизонының «Сарышаған» оқу-жаттығу полигонында өткен әскери жиынның жабылу рәсімі салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев, Приозерск қаласының әкімі Мансұр Ахметов, Қарулы Күштердің ардагерлері мен ауған жауынгерлері қатысты.
Әскери жиындар жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін ұстап тұру және әскери міндеттілердің кәсібилігін арттыру тұрғысынан ерекше маңызды. Олар қолда бар білімді өзектендіруге, сондай-ақ заманауи қару-жарақ пен әскери техникамен танысуға мүмкіндік береді, – деді «Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев.
Жалпы 700-ден астам қазақстандық оқу-жаттығуға қатысты. Бір ай ішінде оларға саптық, тактикалық, әскери-медициналық және арнайы даярлық сабақтары өткізілді.
Оқу жиыны барысында көзге түскен әскери міндеттілер грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, оларға «Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы Александр Бектің «Волоколамское тас жолы» және Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» кітаптарын табыс етті.
Шара соңы Приозерск қаласындағы Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.