Қарағанды облысында 30-ға жуық адам қар құрсауынан шығарылды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
25.03.2023 12:27
1098
25 наурызға қараған түні Қарағанды облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар «Приишимское ауылы - Шоқай кенті» тас жолдың бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Астана-Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған.
Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды,оның ішінде бір баланы Осакаровка ауылына эвакуациялады. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Қалғандары медициналық көмекті қажет етпеді.
Қарағанды облысы ТЖД ауа райы қолайсыз болған кезде түнгі уақытта алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Асхат Оралов гимнасттарға Президенттің құттықтау хатын табыстады
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды