Жаңалықтар

Қарағанды мен Ұлытау облыстарында газ бағасы арзандайды

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлім етті
Қарағанды мен Ұлытау облыстарында газ бағасы арзандайды
Фото: sn.kz 11.01.2023 19:35 1121

Ақпанда Қарағанды мен Ұлытау облыстарының тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасы 5%-ға дейін төмендейді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның аталған облыстардағы тұтынушылары үшін тауарлық газды газ таратушы желілер арқылы тасымалдау қызметіне өтінімі бойынша жүргізген тарифтік смета шығындарының баптарын мұқият талдады. Себеп – ТМРК Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға бекіткен бұрын қолданыста болған бұйрығы мерзімінің өтуі және өткен кезеңдегі нақты шығындарды ұсынуы.

Осылайша, департамент 2022 жылғы 20 желтоқсанда тауарлық газды газ таратушы желілер арқылы тасымалдау қызметтеріне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізе отырып, 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 4 986,91 теңге мөлшерінде тарифті бекітті, бұл – бұрын қолданыста болған 6 552,02 теңге/1000 теңге тарифінен 24%-ға төмен.

Осының нәтижесінже 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМРК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қарағанды мен Ұлытау облыстары бойынша барлық тұтынушылары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасын 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 1 565,11 теңгеге немесе 5%-ға дейін төмендетті. Екі облыстың тұтынушылары 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 35 149,05 теңгенің орнына 33 583,94 теңгеден (ҚҚС-сыз) төлейтін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға