Жаңалықтар

Қарағанды медицина университетінде 400 орындық жатақхана ашылды

Қарағанды медицина университетінде 400 орындық жатақхана ашылды
Фото: gov.kz 01.09.2023 05:27 1345

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысына жұмыс сапары шеңберінде "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ жаңа студенттік жатақханасының ашылуына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ ол Кәсіптік денсаулық клиникасынабарып, облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығында зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету барысымен танысты.

Ведомство басшысының қатысуымен 400 орындық "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ студенттік жатақханасының салтанатты ашылуы өтті.

"Осындай заманауи жатақхананың пайда болуы - жаңа оқу жылының басында денсаулық сақтау саласының болашақ мамандарына тамаша сыйлық. Құрылысты университет "ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасы" бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырды - деп атап өтті министр құттықтау сөзінде.

Жаңа жатақхананың бірегейлігі - бұл заманауи үлгі, мұнда барлығы студенттер үшін барынша жайлылыққа бағытталған. Бөлмелер 2 адамға арналған, жаңа ыңғайлы жиһазбен жабдықталған, сабаққа дайындық бөлмесі бар, сымсыз интернет барлық жерде қол жетімді. Студенттердің иелігінде заманауи тұрмыстық техника, мультимедиялық кабинет, спорт залдары: тренажер, теннис, би және басқалары бар. Ғимараттың бірінші қабатында дәрігер кабинеті, көшеге жеке шығатын изолятор қарастырылған.

 Қазіргі уақытта университетте 7 мыңнан астам студент, оның ішінде қаладан тыс студенттер оқитыные, ҚМУ жаңа жатақханасы білім алушыларға арналған 7 жатақханаға айналғанын айта кету керек.

Әрі қарай Ажар Ғиният Кәсіби денсаулық клиникасына барды.

Клиника ҚР ДСМ "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының құрамына кіреді және республиканың кәсіптік патология қызметін үйлестіреді. Клиника жылына орта есеппен 1800 азаматты стационарлық емдеумен қамтиды және 4500 адамға дейін амбулаториялық-емханалық көмекпен қамтамасыз етеді. Клиника әртүрлі бағыттағы 70 маманнан , негізінен Қарағанды медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан тұрады.

Сондай-ақ, клиника халыққа амбулаториялық-емханалық, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) және МӘМС ұсынатын емдеу-диагностикалық ұйым болып табылады.

Медициналық объектілерге барған кезде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы дәрігерлердің жоғары мамандануын атап өтті, кәсіптік ауруларды оңалту стандарттарына, институттың өндірістегі кәсіптік аурулардың профилактикасы саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге қызығушылық танытты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға