Жаңалықтар

Қара Теңізде мұнай тасымалдайтын танкерлер саны артады

Қара Теңізде мұнай тасымалдайтын танкерлер саны артады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.09.2023 13:35 972

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев биыл Қара Теңізде мұнай тасымалдайтын 4 танкердің санын 7-ге көбейтуді жоспарлап отырғандығы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол болашақта танкердің саны 10-ға дейін өседі деген болжам бар екенін де атап өтті.

Бүгінде мұнайды тасымалдаудың басқа да баламалы жолдарын қарастырып жатырмыз. Осы жылдан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан бағытын аштық. Қазіргі таңда бұл бағыт бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалданады. Тиімділігі жаман емес. Әзірге біздің мұнайды сыртқы нарыққа тез арада жеткізетін бағыт – КТК, – деді төраға.

Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, биылдан бастап «Дружба» құбыры арқылы мұнай тасымалдау жұмысы басталған. Ай сайын Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізіледі.

«Теңізшевройл» мұнайды тек өзінің танкерлерімен тасымалдайды. Біз биылдан бастап «Теңізшевройлмен» тиісті келіссөздер жүргізіп, өзіміздің танкерлерімізді қойдық. Бұл диверсификация ғана емес, экономикамыз үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуы болып отыр. Сондықтан «ҚазМұнайГаз-дың» капитализациясын арттыруды мақсат еттік, - деді ол.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға