Жаңалықтар

“Қара шайға нан батырып жейді”: Алматыдағы балабақшада шу шықты

“Қара шайға нан батырып жейді”: Алматыдағы балабақшада шу шықты
Фото: Видеодан кадр 07.04.2023 19:50 1160

Алматыдағы №164 мемлекеттік балабақшада бүлдіршіндердің тамағы көпшіліктің наразылығын тудырды. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тараған еді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласының білім басқармасы бұл балабақшаға қоғамдық тамақтану жағдайын бақылау үшін арнайы комиссия құрған. Комиссия бірнеше күн тексеру жүргізіп, бірнеше маманды жұмыстан шығарды.

Мониторинг барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін балабақша меңгерушісі, медбике және әдіскері қызметінен босатылды. Сонымен қатар, топ тәрбиешісі, қоймашы және аспазға тәртіптік жаза қолданылды, - деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына бақылауды әлсіреткені үшін Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы мен Алматы қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға