Жаңалықтар

Қар құрсауында қалған 400-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды

Қар құрсауында қалған 400-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ 09.02.2024 09:22 576

Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты 8 ақпанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ 400-ден астам адамды эвакуациялады. Бұл күні бірқатар республикалық маңызы бар тасжолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты азаматтар келесі қала маңындағы электр пойыздары және жолаушылар пойыздары арқылы тасымалданды:

- №7501 пойызы Ерейментаудан Астанаға дейін;

- №327 пойызы Астанадан Бурабай мен Көкшетауға дейін;

- №6830 пойызы Бурабай курортынан Астанаға дейін;

- №43 пойызы Шоқайдан Астанаға дейін;

- №45 пойызы Қарағандыдан Астанаға дейін;

- №7556 пойызы Астанадан Қарағандыға дейін.

  9 ақпанда күрделі метеорологиялық жағдайлардың жалғасуына байланысты, тасжолдардың жабылуы салдарынан келесі жолаушылар пойыздарына қосымша 31 вагон тіркелді:

- Павлодардан Астанаға дейінгі №45 пойызына 6 вагон;

- Павлодардан Астанаға дейінгі №139 пойызына 4 вагон;

- Астанадан Павлодарға дейінгі  №354 пойызына 7 вагон;

- Астанадан Петропавлға дейінгі №623 пойызына 10 вагон;

- Астанадан Павлодарға дейінгі №45 пойызына 4 вагон.

Жолаушыларға қосымша 1300-ден астам орын беріледі.

Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға