kaz.orda.kz

Қар, көктайғақ, бұрқасын: Күн күрт суытады

08.01.2023 01:15

Елдің басым бөлігінде күн райы күрт суытады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.  

Белгілі болғандай, қар жауып, жел соғып, көктайғақ, бұрқасын, тұман болады.

Республиканың солтүстік-батысында қар жауады, солтүстігінде, батысында суық фронттардың өтуімен ауа температурасы күрт төмендейді. Республикада жел күшейеді, көктайғақ, қарлы боран сақталады, кей жерлерде тұман түседі, - делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.