Жаңалықтар

Қақтығыс тудыратын сөздер мен әрекеттерге жол бермеу керек – дін көшбасшылары

Қақтығыс тудыратын сөздер мен әрекеттерге жол бермеу керек – дін көшбасшылары
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.10.2023 10:38 1569

Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылары съезі Хатшылығының XXI отырысында дін көшбасшылары әлемде болып жатқан саяси оқиғаларға тоқталып, алмағайып сын сағатта ынтымақтастық идеясы бұрынғыдан да айрықша маңызға ие болу қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XXI отырысында съездің айрықша маңыздылығына тоқталып өтті.

Айтуынша съез дін көшбасшылары саяси және қоғам қайраткерлерінің тұрақты кездесулдерін қамтамасыз етеді.

Жоғары мәртебелі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан халықаралық аренада адами құндылықтардың дамуына ұйытқы болып жатыр. Еліміздің мәдени-рухани мұрасын дамытуда және саяси-экономикалық ауқымды жұмыстар мен маңызды бастамалар іске асуда. Біз Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалогты дамыту мүддесі үшінде белсенді рөл атқара беретініне өзіміздің нық сенімімізді білдіреміз. Бүгінгі күні әлем үлкен қиындықтар мен сілкіністерге тап болып үстінде. Осындай кезде ынтымақтастық идеясы бұрынғыдан да айрықша маңызға ие болып жатыр, – деді Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде.

Сондай-ақ, ол БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің осындай оқиғаларға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, кейбір Еуропа елдерінде жасалған құран-кәрімді өртеу және қорлауын іс жүзінде мойындауы осындай жиынның бірден-бір көрсеткіші саналатынын тілге тиек етті.

Биылғы жылы БҰҰ-ның сессиясында аталған мәселенің арнайы талқылануы шынымен де мақтауға тұрарлық. Сөз бостандығы мен демократияны сылтауратып қақтығыс тудыратын сөздер мен әрекеттерге жол бермеу әр саяси діни ұйымдардың міндеті, – деп атап өтті Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде.

Ал Мысырдағы Әл-Азхар Ислам зерттеулер академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд ислам діндер лидерлері адамдардың барлығын бейбіт өмір сүруге шақырады деп атап өтті.

Бір-бірімен татулық, достық көзқараспен қарау – бұл Құранның негізгі қағидаттары. Сондықтан да біз жақсы түсінеміз. Бұл азаматтық қоғамның негізгі ұстанымдары. Олар осы діни наным-сенімнің маңайында болып жатқан өзгерістерге негізделіп жасалады. Сол себепті бұл бізге Алла Тағаланың бізге түсірген жақсылығы деп қабылдауымыз керек. Осының негізінде әрбір ұлт өзінің мәдениеті мен саяси құрылысындағы құндылықтарды ілгерлетуге құқығы бар, – деді Мысырдағы Әл-Азхар Ислам зерттеулер академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға