Жаңалықтар

Қақтығыс болып жатқан Газа секторында 76 Қазақстан азаматы бар

Қақтығыс болып жатқан Газа секторында 76 Қазақстан азаматы бар
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 06.11.2023 17:06 2372

Газа секторында 76 ҚР азаматы қалған. Ал олардың отбасы мүшелерін қоса есептегенде 161 адам бар. Аталған азаматтарды қақтығыс аймағынан шығару мүмкін болмай отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Иордания мен Мысырдағы елшіліктері Газа секторындағы ахуалдың асқынуының алғашқы күнінен бастап отандастарымызды Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы шығару, шет мемлекеттердің шекараларынан өткізу бойынша мәселелерді пысықтауда. Қақтығыс аймағындағы ҚР азаматтары және олардың жақын туыстарының тізімін қалыптастыру және үнемі жаңартып отыруға ерекше назар аударылады. Қазақстанның Каирдегі елшілігі Мысырдың Сыртқы істер министрлігімен және басқа да құзыретті органдармен азаматтарымызды эвакациялау бойынша келісімдер жүргізіп келеді, - дейді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Израильден елімізге 166 адам оралған еді. Оның ішінде 124-і Қазақстан азаматы және 42-сі шетелдік. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға