ТЖМ баспасөз қызметі

Қапшағай су қоймасында жағадан 40 шақырым ұзап кеткен әйел құтқарылды

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында жағадан ұзап кеткен әйел адам екі күннен соң табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше 1966 жылы туған әйел адам құтқарылған.

2025 жылдың 30 тамызында SUP бортына мініп бара жатып, желдің екпіні оны жағадан алысқа ұзатып әкеткен. Ол оқиға орнынан 40 шақырым жерде табылды. Әйел есін жиып, жағаға шығарылды. Қажетті медициналық көмек көрсетілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің 106 адамы, 29 бірлік техникасы мен 5 су көлігі, сондай-ақ еріктілер ұйымдары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары кезінде екпінді жел қиындық тудырған.