Бүгін Қонаев қаласында ауа-райы күрт нашарлап, желдің екпіні күшейіп (15-20 м/с), салдарынан Қапшағай су қоймасында толқындар көтеріліп, демалушылар қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оларды байдаркалар мен китбордтарда жағадан 1,5 км қашықтыққа алып кеткен. Адамдар өз бетінше жағаға жете алмаған соң жағдай күрделене түсті.
Қапшағай акваториясының жағалау жиегін патрульдеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізген ТЖМ құтқарушылары көмекке асықты. Олар қайықтармен 32 адамды, оның ішінде 3 баланы жағалауға аман-есен жеткізді.
Айта кететін жайт, аталған оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

