Жаңалықтар

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.04.2024 18:05 1753

Еуразия ұлттық университеті ғылым қызметкерлері күні ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай бірқатар шара ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен университеттің бас ғимаратында ғылым академиясының тұңғыш президентіне жасалған барельефтің ашылу салтанаты болды. Оның авторы – ЕҰУ сәулет кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, белгілі мүсінші Талғат Анарбеков. Барельефтің өлшемі 60х80 см құрайды.

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды

Фото: Артем Чурсинов

Мен бір апта бойы Қаныш Сәтбаевтың лайықты портретін іздеп, осы нұсқаға тоқтадым. Рельеф мүсіндік пластилиннен жасалған. Барельефті жасау барысында түпнұсқаға барынша ұқсатуға  тырыстым, біраз қиындықтарға тап болғанымды да жасырмаймын. Жалпы, мүсіндеу үшін бір айға жуық еңбек еттім, – деп атап өтті Талғат Анарбеков.

Автор Қаныш Сәтбаевтың берельефін істеу керек деген ұсыныс екі ай бұрын түскенін айтты. Ізденіске бір аптадан астам уақыт кеткен көрінеді.

Ұсыныс түскен сәттен бастап, ғалымның бет-бейнесін, жалпы келбетін зерделей бастадым. Академиктің бірнеше суретінің ішінен осы бейнені таңдап, бір ай ішінде жасап шықтым. Ғалым туралы деректер оқып бастадым. Бұл кісінің бейнесін жасау қиынға соқпады. Күлімсіреп тұрған бейнесін бердім. Бұдан өзге би-шешен, күйші, ғалым, жазушыларға арнап жасаған жұмыстарым көп, – дейді мүсін авторы Талғат Анарбеков.

Бұл күні ғылыми және академиялық қауым өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды

Фото: Артем Чурсинов

Аталған шара туралы Еуразия ұлттық университетінің ғылым, коммерциализация және халықаралық қатынастар бойынша проректоры Жанна Құрманғалиева пікір білдірді. Айтуынша, ғалымның мерейтойына орай елімізде жүздеген іс-шара өтеді. Мұның ең бастысы – бүгінгі универсиетте өтіп жатқан шара.

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды

Фото: Артем Чурсинов

Біздің университет Сәтбаев көшесінде орналасқан. Бұл ғимаратта арнайы тапсырыспен барельеф орнаттық. Бұдан өзге үлкен көрме өтіп жатыр. Мұнда Баянауылдағы мұражайдың бүкіл экспонаттары қойылды. Мәселен, Қаныш Имантайұлының Уинстон Черчилльмен кездескендегі киімі, пальтосы, бас киімі тұр. Қазір басталып жатқан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға еліміздің ең беделді ғалымдары, Ұлттық ғылым академиясының басшылығы, шетелден келген қонақтар, біздің студенттер, магистранттар, жалпы бүкіл Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылары жиналып отыр. Конференцияның мақсаты – Ұлттық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы айтып кеткендей, Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың бай мұрасын дәріптеу, – дейді проректор.

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды

Фото: Артем Чурсинов

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды

Фото: Артем Чурсинов

ҚР ҰҒА президент Ақылбек Күрішбаев конференцияда сөз алып, әрқашан бірінші болу академик Қаныш Сәтбаевтың табиғатына тән құбылыс екенін тілге тиек етті.

Қаныш Имантайұлы қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы, КСРО Ғылым академиясының тұңғыш академигі, республикамыздың Ғылым академиясының негізін қалаушысы және оның тұңғыш президенті. Жыл сайын 12 сәуірде Қаныш Имантайұлының туған күніне орай Қазақстанда ғылым күні атап өтіледі. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жетістіктері үшін ғалымдарға Сәтбаев атындағы сыйлық тағайындалған. Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың даңқы есімі қала, университет, тау-кен металлургия комбинаты, меморандум, музей, институттар, мектептер мен көшелердің атауларына мәңгі сақталған, – деді ҚР ҰҒА президент Ақылбек Күрішбаев.

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды

Фото: Артем Чурсинов

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды

Фото: Артем Чурсинов

Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды

Фото: Артем Чурсинов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға