Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында сотталған азаматтарға кешірім беру дұрыс шешім - депутат

Парламент депутаты Құдайберген Ержан Президент шешіміне қатысты ойын білдірді
Қаңтар оқиғасында сотталған азаматтарға кешірім беру дұрыс шешім - депутат
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 01.09.2022 13:05 2394

Мемлекет басшысының жолдауында Қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандарды кешіру туралы шешімін қолдаймын. Бұл туралы Мәжіліс Парламентінің депутаты Құдайберген Ержан айтты, деп хабарлайды El.kz

«Қаңтар оқиғасы кезінде бәрімізге белгілі қиын да, ауыр сәтті басымыздан өткердік. Мысалы, дүкенге ескі аяқ киімін тастап кеткен жағдайға қарап бәрін де түсінуге болады. Көпшілігі бір топ адамның жүр деп қолпаштауымен ізінен еріп кетуге мәжбүр болғандары да бар. Сөйтіп, сотталып олардың отбасы, жақындары ұиналып қалды. Қазір әділдіктің жолы, ізденудің жолы. Сондықтан көбісі көтеріліспен емес, демократиялық жолмен бәрін шешуге болатынын түсінді. Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір реттік кешірім беру туралы шешімін қолдаймын», - деді депутат. 

Еске сала кетсек, Мемлекет басшасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдету туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға