Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында қару дүкеніне шабуыл жасаған жетісулық ұсталды

Аталаған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Қаңтар оқиғасында қару дүкеніне шабуыл жасаған жетісулық ұсталды
Фото: polisia.kz 20.10.2022 17:05 1296

Aлматы полициясы Жетісу облысының тұрғынынан қаңтарда ұрланған қаруды тәркіледі деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуылға қатысқан Жетісу облысының 26 ​​жастағы тұрғыны ұсталды.
«Л. есімді азаматты жеке тінту барысында қару-жарақ дүкенінен қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған тапанша тәркіленді. Мамандандырылған сот рұқсат берген тінту барысында күдіктінің үйінен тапаншаның қабы табылды және тәркіленді. Сонымен қатар ұсталған адамның Жетісу облысы Қаратал ауданындағы әкесінің үйіне де тінту жүргізілді. Онда 12-калибрлі ИЖ-26 тегіс ұңғылы мылтық қабымен, оған арналған оптика, пышақ және тапанша түріндегі оттық тәркіленді», – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға