Жаңалықтар

“Қаңтар оқиғасына” қатысты ҰҚК генералы сотталды

“Қаңтар оқиғасына” қатысты  ҰҚК генералы сотталды
Фото: El.kz 07.04.2023 10:19 1234

Алматы облысы ҰҚКД экс-бастығына қаңтар оқиғасына байланысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күдіктіге лауазымды адамның өз құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс және ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануы фактісі бойынша айып (ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі) тағылған.   

Сотпен анықталғаны келесідей: 

«К. Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілеттігінен асыра пайдалана отырып, 2022 жылғы 5 қаңтарда болған оқиғаларды ескере отырып, өзінің лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға Департамент ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға; әкімшілік ғимараттан кетуге; қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген. Нәтижесінде ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеп соқты («құпия» деген белгіге байланысты басқа мән-жайларды жария ету мүмкін емес)»,  - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот үкімімен ҰҚКД бұрынғы бастығы ҚР ҚК 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Президентіне К-ге қатысты Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға