Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасына қатысқан азамат Беларусиядан экстрадицияланды

Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті
Қаңтар оқиғасына қатысқан азамат Беларусиядан экстрадицияланды
Фото: El.kz 09.02.2023 09:22 1018

Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен «А» азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды.

Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға