Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасын бейбіт митинг деп айтуға келмейді – Марат Ахметжанов

Қаңтар оқиғасына қатысты депутаттық сауалға Бас прокурор жауап берді
Қаңтар оқиғасын бейбіт митинг деп айтуға келмейді – Марат Ахметжанов
Фото: inbusiness.kz 05.01.2023 11:11 1702

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар кезіндегі шеру қалай басталғанына тоқталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«2022 жылдың 1-3 қаңтар аралығында алаңға шығып жиналған азаматтар әлеуметтік мәселені көтерді. Наразылық шаралары 6 өңірде атап айтқанда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе,Талдықорған, Алматы және Астанада орын алды. 4 қаңтарда наразылық шараларына 8 өңірдің тұрғындары қосылды. Олар Шымкент, Түркістан, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Көкшетау өңірлері. Бейбіт жиын араңдатушылардың кесірінен заңсыздыққа ұласты», - деді министр.

Заңсыздықтың үлкен көрінісі Алматыда орын алды. Орталық алаңға мыңдаған адам жиналып, заңсыз шеру ұйымдастырылды. Заңсыздықтың бастауы осы алаңнан басталғанын атап өтті.

«Демонстранттар көліктерді өртеді, ғимараттарға басып кірді. Қарапайым халық арасында араңдатушылыөты жасады. Қысқасы мұның барлығын бейбіт митинг деп айтуға келмейді», - деді ол.

Орталық алаңға халық жиналған кезде шеруді тоқтату үшін бастапқыда ұлттық ұланның 250 қызметкері шыққан. Оларға жиналғандар күш көрсетіп, жұдырық жұмсады. Соған байланысты 5 қаңтар күні түңгі сағат 01:00-де мемлекет басшысы елде төтенше жағдай режимін енгізді.

«5 қаңтар күні сағат 00:30-да наразылыққа шыққандардың ауқымды массасы қаланың әр аумағынан полиция қызметкерлері мен ұландарға шабуыл жасады. Шабуыл барысында ауыр арматуралар, өртенетін смесі бар бөтелкелер, үлкен тастарды қолданды. Қызметкерлердің көліктері мен техникасын тартып алды. Салдарынан 33 полиция қызметкері жарақаттанды», - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға