Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Алматы ҰҚКД бұрынғы бастығы 6 жылға сотталды

Қаңтар оқиғасы: Алматы ҰҚКД бұрынғы бастығы 6 жылға сотталды
Фото: El.kz 25.04.2023 14:00 1009

Алматы қаласы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәжіловке сот үкімі шықты, деп хабарлайды  El.kz  ақпараттық агенттігі. Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Мәжілов қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлімі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Бұған дейін Алматы облысы ҰҚКД бұрынғы бастығына сот үкімі шықты.Елдің бас прокуроры Берік Асылов 5 қаңтарда Алматыда екі полиция департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш департаментінің, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында департамент бастықтары өз ғимаратын тастап кеткені анықталғанын хабарлады.

«Олар ғимаратты ішінде қаруымен қалдырған. Осы фактілер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Бұл істер бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі бөлігі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжілов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлел жинау және оларды талдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға