Жаңалықтар

Қант зауыттары қызылша өнімін толығымен қабылдайтын болады

Қант зауыттары қызылша өнімін толығымен қабылдайтын болады
Фото: Ауыл шаруашылығы министрі 12.10.2024 13:43 484

Биыл Қазақстанда рекордтық 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинау жоспарлануда. Бүгінгі таңда қарқынды егін жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда, егінді қабылдау кезінде кезектердің пайда болуымен және і ұзақ күтуге байланысты қиындықтар туындап, бұл фермерлердің наразылығын тудырды.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігі жағдайды шешуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдады.

Біріншісі-10 қазаннан бастап Меркі қант зауытының қант қызылшасын қабылдаудың тәуліктік қуаты қосымша төсеу машиналары есебінен 4,5 мыңнан 5,9-6 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Екіншісі-Меркі қант зауытының акционерлерімен бұрын бекітілген кесте бойынша қант қызылшасын қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл фермерлердің қызылшаны өңдеуге жеткізуін реттеуге мүмкіндік береді.

Үшіншісі- 100 км-ден астам қашықтықтағы шаруашылықтарға көлік шығындарын өтеу үшін 3 теңге/кг төленетін болады.

Меркі зауыты биыл барлығы 450 мың тонна қызылша қабылдайды.

Бүгінгі таңда қант зауыттары 362 мың тонна қызылшаны (Меркі – 116 мың тонна, Көксу – 129 мың тонна, Ақсу – 117 мың тонна, оның ішінде Жамбыл облысынан 9,6 мың тонна) өңдеуге қабылдады.

Үкімет Қазақстанда өндірілген қант қызылшасының барлық көлемін Қазақстанның қант зауыттарында қабылдауына кепілдік береді.

Естеріңізге сала кетейік, премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен қант қызылшасын жинау қарсаңында бірнеше кеңес өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша АШМ облыс әкімдіктерімен және зауыттармен бірлесіп қант қызылшасын жүктеу жоспары мен қабылдау кестесі әзірленді. Қант зауыттарын айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер алдын ала қабылданды. Меркі қант зауытының қуаттылығының жетіспеушілігін ескере отырып, Жамбыл облысының 100 мың тонна қант қызылшасын Жетісу облысындағы Ақсу қант зауытына қайта бағыттау туралы шешім қабылданды. Бұл ретте, фермерлерге көлік шығындарын өтеу мақсатында субсидиялау нормативі тоннасына 25 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Айта кету керек, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 4 қант зауытының қазыргі қуаттарын жаңғыртуды қажет етеді.

2025 жылы Меркі қант зауытының қуаты 3 мыңнан 4 мың тоннаға дейін кеңейтілетін болады.

Бірнеше жылда Тараз қант зауытында қант қызылшасын өңдеу бойынша технологиялық желі орнату, Көксу қант зауытының қуатын тәулігіне 4 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. 

Сондай-ақ жақында Үкіметте Жамбыл облысында 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеуді қамтамасыз ететін жаңа қант зауытын салу жобасы таныстырылды. Осы шаралардың барлығы жұмыс істеп тұрған қант зауыттарын жаңғыртумен бірге ішкі нарықтың қант бойынша импортқа тәуелділігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға