Жаңалықтар

Қанша қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

Қанша қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.02.2024 11:03 697

2024 жылғы 1 ақпанда 49,7 мың отбасындағы 262,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 ақпанда АӘК алушылар қатарындағы мектеп жасына дейінгі 80,6 мың балаға 446,2 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға