istockphoto.com

Қанша әйел декретке шыққаны белгілі болды

21.11.2025 10:46

Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері мемлекеттік жәрдемақылар және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) көрсетілетін төлемдермен 508 мыңнан астам азамат қамтылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бала тууға арналған біржолғы жәрдемақыны биыл 286 мың адам алды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 51,7 млрд теңге жұмсалған. Тек қазан айының өзінде бұл төлемді 28,5 мың адам (5,2 млрд теңге) алған.
Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

•  1, 2, 3-балаға – 38 АЕК (149 416 теңге)
•   4 және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК (247 716 теңге)
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелді.

Бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақы (1,5 жасқа дейін):
Ай сайынғы төлемдер мөлшері:
•  1-балаға – 22 648 теңге
•  2-балаға – 26 777 теңге
•   3-балаға – 30 866 теңге
•   4 және одан көп балаға –  34 995 теңге

Бұл жәрдемақымен есепті кезеңде 124,7 мың адам қамтылды (36,4 млрд теңге). Қазан айында — 126,8 мың адам (3,7 млрд теңге).
МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдер
Жүктілік және босануға байланысты төлем

Жүктілік пен босануға қатысты біржолғы төлем мөлшері анасының соңғы 12 айдағы табысына байланысты есептеледі.
2025 жылдың 10 айында:

•    Бұл төлемді – 175,1 мың әйел алды
•    Жалпы төлем сомасы – 245,3 млрд теңге
•    Орташа төлем мөлшері – 1 457 321 теңге

Бала күтіміне байланысты МӘСҚ төлемі (1,5 жасқа дейін)
Бұл төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы ата-анаға тағайындалады.
Төлем мөлшері –  соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ы.

2025 жылдың 10 айында:

•    Бұл төлемді 208,2 мың адам алды
•    Жалпы төлем сомасы – 358,6 млрд теңге
•    Қазан айында – 18,8 мың алушы (34,5 млрд теңге)
•    Орташа айлық төлем – 86 493 теңге.