Жаңалықтар

Қандастар туралы кітап шығарудан халықаралық байқау аяқталды

Қандастар туралы кітап шығарудан халықаралық байқау аяқталды
Фото: "Отандастар" қоры 03.10.2024 01:42 415

«Ұлы дала 2024» халықаралық кітап шығару байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Отандастар қоры» мен «Қазақстан Жазушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі кезінде әлемнің әр қиырына қоныс аударған этникалық қазақтардың көші-қон тарихы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті, өнері жайында жазылған тарихи, көркем әдеби туындылар, ғылыми зерттеулерді жинақ ретінде жарыққа шығару мақсатында жариялаған «Ұлы Дала» халықаралық байқауының 2024 жылғы жеңімпаздары анықталды.

Өтінімдер 2024 жылғы 1 маусымға дейін қабылданды. Байқауға 22 еңбек келіп түсті. Белгілі ақын-жазушылардан, ғалымдардан және қоғам қайраткерлерінен құралған сараптамалық алқа қолжазбаларды мұқият қарап, аталған жұмыстардың ішінен 9 шығарманы кітап етіп басып шығару туралы шешім қабылдады.

  • «Қобданың қоңыр желі» (өлеңдер, балладалар, толғаныстар) – Рысбек Зұрғанбайұлы (Моңғолия);
  • «Үркер ауып барады» (өлеңдер) – Зүлкәпіл Мәулітұлы (Моңғолия);
  • «Тәжікстандағы қазақтар» (тарихи танымдық еңбек) – Абдусаттар Нуралиев (Тәжікстан);
  • «Ақиқаттың дәмі ащы» (өлеңдер) – Жарасқан Мырзамұратұлы (Өзбекстан);
  • «Кімді кінәларсың...» (повестер мен әңгімелер) – Ербақыт Нүсіпұлы (Моңғолия);
  • «Ұрпағың үзілмесін» (әңгімелер) – Мұхтасыров Пионер Солтанович (Ресей);
  • «Қарасу жырлары» (өлеңдер) – Лала Жүнісқызы Жұманова (Өзбекстан);
  • «Өрікті көл» (повесть, әңгімелер) – Елеусіз Мұқамәдиұлы (Моңғолия);
  • «Айтағалы салт атты» (шығармалар) – Баман Құрманханұлы (Моңғолия)

Байқаудың мақсаты – шетелдік және қазақстандық  белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар мен өнерпаздардың туындыларын басып шығару арқылы ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді жаңа қырынан  тану,  шетелдегі танымал, белгілі этникалық қазақ өкілдерінің есімдерін және шығармаларын қазақстандық көпшілік қауымға кеңінен таныстыру, жас ұрпақтың бойында төл тарихымыз бен мәдениетімізге деген қызығушылықты күшейту, ұлттық сананы жаңғырту.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға