Жаңалықтар

Қанат Шарлапаев шалғай аудандардағы үй құрылысы нысандарын аралады

Қанат Шарлапаев шалғай аудандардағы үй құрылысы нысандарын аралады
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 02.06.2024 18:05 487

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы нысандарын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында құрылысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.

Ағымдағы мәлімет бойынша, Қаратөбе ауданында 97 үйге зақым келсе, оның 90 үйі тұруға жарамсыз. 7 үй жөндеуді қажет етеді. Құрылыс сатысында 90 үй, 72 – жаңа алаңда, 18 – бұрынғы телімдерде.

Ал Сырым ауданында 257 үйге зақым келген. Оның 114-і тұруға жарамсыз, 149-ы жөндеуді қажет етеді. 114 үй құрылыс сатысында, оның 51-і – жаңа телімдерде, 63-і – бұрынғы телімдерде.

Теректі ауданында 45 үй зақымданған, 23-і – жарамсыз, 21-і – жөндеуді қажет етеді, 1-і сатып алынған. Жаңа алаңдарда құрылыс сатысындағы 18 үй бар.

Нысандарды тексеру барысында министр алаңдарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға