Жаңалықтар

Қанат Шарлапаев Иннопром халықаралық көрмесіне қатысты

Қанат Шарлапаев Иннопром халықаралық көрмесіне қатысты
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 08.07.2024 21:04 412

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 8 шілдеде Ресей Федерациясының Екатеринбург қ. өткен «Иннопром» 14-ші халықаралық өнеркәсіп көрмесіне барды. Бұл көрме өндірістік жетістіктерді көрсету және халықаралық байланыстарды орнату алаңдарының бірі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрме аясында Қанат Шарлапаев РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесті, оның барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, оның ішінде кооперациялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Ол БАӘ Сыртқы сауда министрі доктор Тани Ахмед әл-Зеуодимен де кездесті. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын және жоғары технологиялар мен энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады.

Сонымен қатар, Министр Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашевпен кездесті. Талқылау барысында өңіраралық байланысты нығайту мәселелері және машина жасау және металлургия саласындағы ықтимал жобалар талқыланды.

Сондай-ақ, Министр «ОралКран» және «Еуразия механикалық зауыты» сияқты жетекші өнеркәсіптік компаниялардың өкілдерімен ынтымақтастық пен технология алмасу перспективаларын талқылады.

Қанат Шарлапаев ЕАЭО және ТМД Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің кезекті отырыстарына қатысты, оның барысында қатысушы елдер арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған стратегиялық және салалық құжаттардың жобалары қаралды.

Көрмеде Беларусь, БАӘ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ұлттық экспозициялары ұсынылған. Сондай-ақ Армения, Сербия, Куба, Әзірбайжан, Түркіменстан, Оман, Үндістан, Таиланд, Пәкістан, Түркия және басқа елдердің делегациялары қатысуда. Көрменің негізгі бөлімдеріне металл өңдеу, бөлшектерді өндіру, энергетика, автоматтандыру және робототехника, цифрлық өндіріс және басқа да негізгі салалар кіреді.

Қазақстандық экспозиция 208 ш. м. құрайды, ол төрт ірі отандық кәсіпорынмен ұсынылған: Қазақмыс корпорациясының Қарағанды құю-машина жасау зауыты (KLMZ), Railways Systems KZ, Alageum Electric және «ВодЭкоФильтр» өнеркәсіптік сүзгі өндірушісі. Бұл компаниялар қазақстандық индустрияны жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін озық технологиялық шешімдерді көрсетеді.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың өкілдері бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, оның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бұл бірлескен жобалар мен инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, белсенді халықаралық өзара іс-қимылға және Қазақстанның өнеркәсіптік секторының дамуына ықпал етеді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі халықаралық байланыстарды нығайту және отандық өнеркәсіптік компанияларды әлемдік нарықта ілгерілету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға