Қанат Ислам үш жылдан кейін рингке қайта оралды
Ұзақ уақыт үзіліс жасаған танымал қазақстандық боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері әрі Қытайдың екі дүркін чемпионы Қанат Ислам (29-1-0, 22 KO) кәсіби рингке қайта оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның келесі жекпе-жегі Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын бокс кеші аясында өтеді. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.
Қанат Ислам өзінің кәсіби мансабында 29 кездесу өткізіп, соның 28-інде жеңіске жеткен. Соңғы рет ол 2022 жылдың 7 қазанында аргентиналық Хавьер Франциско Масиельмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
Келесі бокс кеші 27 желтоқсанда Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында өтеді. Түннің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әли Ахмедов (24-2-0, 17 KO) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1, 22 KO) кездеседі.

