Жаңалықтар

«Қан құсып жатқан». 4 жасар баланың өліміне қатысты тың дерек айтылды

«Қан құсып жатқан». 4 жасар баланың өліміне қатысты тың дерек айтылды
Фото: коллаж El.kz 03.05.2024 09:40 1791

Алматыда 4 жасар Хантөренің өліміне қатысты тың дерек айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан әлеуметтік парақшасында өгей әкесінің қолынан қаза тапқан бүлдіршін туралы пікір білдірді.

Сот отырысында балабақшадағы бейнебақылау камералары да көрсетілді. Көзге жас алмай қарау мүмкін емес. Жазбаларда Хантөре үстел басында отырып, басын үстелге төмен түсіріп, ыңырсып, үстелде қан құсып жатқаны (соққыдан кейін) көрсетілген. Жекеменшік балабақша қызметкерлерінің жедел жәрдемге хабарлау мүмкіндігі болған кездің босқа кеткені-ай, - деп жазды ол.

Сонымен қатар, бұл балабақша рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені белгілі болған.

Балабақша басшысы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ, тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өті ол.

Жедел уәкіл балабақша қызметкерлерінің денсаулық сақтау мекемелеріне неге хабар бермегені, жедел жәрдем шақырмағаны түсініксіз екенін мәлімдеді.

Еске салайық, өгей әкесі баланы ұрғаннан бауыры мен бүйрегі езіліп кеткен, ішегі үзілген. 4 жастағы Хантөре балабақшаға бар болғаны 17 күн барған. Жантүршігерлік оқиға былтыр қыркүйек айында болды. Қатты соққы алған Хантөре бес күн жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға