instagram.com/boxingkazakhstan

Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға шыға алмады

30.07.2024 01:18

Бокстан Ұлттық құрама спортшысы Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақ боксшы испаниялық спортшы Гадфа Дрисси Аюбке 2:3 есебімен жол беріп, Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады.

Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының 2 дүркін және Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.