Күнделікті өмірде шай ішпейтін адам кемде-кем. Бір шыныаяқ шай – таңғы сергектік, кешкі тыныштық, қонақ күту мәдениетінің де бір бөлігі. Алайда соңғы жылдары өмір ырғағы жеделдеп, біз тез дайын болатын, ыңғайлы нұсқаларды көбірек таңдайтын болдық. Соның бірі – пакеттелген шай. Шай пакетінің сыртынан қарағанда ешқандай қауіп байқалмайды. Бірақ осы қарапайым қаптаманың астарында біз күтпеген үлкен мәселе жатыр. Бұл шығарылымда біз қалташадағы шайдың табиғатқа зияны туралы айтамыз.