Жаңалықтар

«Қалтамды тесетін болса да аламын». Әбілмансұр Серіковтің киімге қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды

«Қалтамды тесетін болса да аламын». Әбілмансұр Серіковтің киімге қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды
Фото: instagram.com/serikovmansur 22.09.2023 15:35 3762

Актер Әбілмансұр Серіков Тимур Балымбетовке берген сұхбатында сырт келбетіне қатты назар аударып, киімге көп ақша жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Киімге көп ақша жұмсайтыным рас. Не үшін өйтемін? Мен одан мотивация, сенімділік аламын. Енді халықтың алдында жүргеннен кейін концертке, бір жерге шығып қаласың. Сол кезде «не киемін?» деп тыпыршып қалмайтындай алып қоя саламын. Сосын 1 апта немесе 1 айдан кейін концертке шығып қалуым мүмкін. Сонда ұялмай киіп барамын, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар актер ұнатқан затын міндетті түрде алатынын айтты.

Маған бір зат ұнай ма, мен оны қымбат болса да аламын. Ол қатты қымбат болып, қалтамды тесетін болса да аламын. Мен бұрыннан сөйтемін. Бірақ 1-1,5 миллион теңгеге әлі жете қойған жоқпын. Бұйыртса, оны да алармыз. Ең бастысы таза, үтіктелген, баратын жерге ұялмай киіп баратындай болса болды. Ең қымбат киімімнің бағасы ары кетсе 250-300 мың теңге болады, - деді Әбілмансұр Серіков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға