Жаңалықтар

Qala Qyzmet қосымшасында қызмет түрлерін қалай алуға болады?

Qala Qyzmet қосымшасында қызмет түрлерін қалай алуға болады?
Фото: © Pixabay.com 16.05.2023 16:23 5231

Астана қаласы әкімдігінің «iKOMEK109» «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК Қалалық қызметтер департаментінің директоры Ботагөз Мұстафина Qala Qyzmet қосымшасында қызмет түрлерін қалай алуға болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, Qala Qyzmet қызметтері 3 форматта ұсынылады:

  1. Қала қызметтері порталында (https://qalaqyzmet.kz/)онлайн түрде;
    2. Qala Qyzmet фронт-кеңселерінде тікелей консультациялар жүргізу арқылы;
    3. Смс-сауалнама жүргізу арқылы проактивті түрде.

Қызметтерді алу өте ыңғайлы. Мұны қала тұрғындары тарапынан Qala Qyzmet қызметтеріне деген сұраныстың артуы байқатады. Осылайша егер 2019 жылдың жарты жылында 3701 қызмет ұсынылса, 2020 жылы – 69 560 қызмет, 2021 жылы – 148 586 қызмет, 2022 жылы – 170 мыңнан астам қызмет, ал 2023 жылы 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді, - деді ол.

Сондай-ақ ол елорда тұрғындары электр жарығы, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және қоқыс шығару бойынша шарттарды проактивті қызметтің көмегімен жасай алатынын айтты. Ол үшін тұрғындарға бар болғаны 1414-тен келетін СМС-ке жауап беріп, дербес деректерді пайдалануға рұқсат беру жеткілікті.

Әрі қарай Qala Qyzmet-тен нақтылаушы сұрақтары бар сауалнамаға сілтеме берілетін СМС келеді. Әрі қарай портал автоматты түрде өтінім жасақтап, өтінімнің өңделуі және жауап ұсынылуы үшін коммуналдық ұйымдарға жолдайды, - деді ол.

Оның айтуынша, аталмыш проактивті қызмет көппәтерлі тұрғын үйлерден жылжымайтын мүлік сатып алатын тұрғындар үшін қолжетімді.

Біз қала ұйымдарымен жұмысты жалғастырамыз және порталдағы қызмет санын арттырып, осылайша қала тұрғындарына жайлы жағдай жасауды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

2023 жылдың басынан бері қала аудандары бойынша масштабтау мақсатында коммуналдық қызметтер бойынша өтінімдерді тіркеу және консультация алу үшін аудан әкімдіктерінің фронт-кеңселеріндегі Qala Qyzmet менеджерлеріне жүгінуге болады. Qala Qyzmet фронт-кеңселеріне айына 2000-2500 адам келеді. Портал айына 17 000-20 000 қызмет ұсынады.

Qala Qyzmet қызметтері мен фронт-кеңселердің жұмыс кестесіне қатысты ақпаратты толығырақ қалалық және ұялы телефондардан 109 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы 24/7 бойы алуға болады, - Ботагөз Мұстафина.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға