Жаңалықтар

Қала күнінде ән шырқаған Өскемен әкімін жұрт қызу талқылап жатыр

Қала күнінде ән шырқаған Өскемен әкімін жұрт қызу талқылап жатыр
Фото: Видеодан кадр 31.08.2024 22:00 1024

Конституция күнімен тұспа-тұс келген қала күні мерекесінде Өскемен әкімі Жақсылық Омар ел алдында ән шырқады. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бейнежазбаны белгілі әнші Сәкен Майғазиев желі парақшасында жариялады.

Шаһар басшысы саябаққа жиналған жұтршылық алдында "МузАРТ" тобының "Сен келерсің" әнін караокеде шырқайды. Әкімнің әні көптің көңілінен шықса керек, демалушылар вальс билеп, қала басшысына қошемет көрсетеді.

Видеоны көрген желі қолданушылары Өскемен әкімін қызу талқылап жатыр. Олардың бірі Жақсылық Омарды халқына жақын басшы деп бағаласа, енді бірі шенеунікке үнемі халыққа жақын болып жүруге кеңес берді.

"Нағыз әнші болатын адам екен", "Жақсылық Омар расымен де халыққа жақын болды. Қарапайымдылығымен халықтың көңілінен шыға білді", "Заманауи әкім", "Сегіз қырлы, бір сырлы", "Тек мерекеде емес, үнемі осылай халыққа жақын болыңыз", "Ең мықты, жан-жақты әкім", "Халыққа жақындығы тек ән айтумен бағаланбайды" деп жазды желі қолданушылары. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға