Жаңалықтар

«Қағаз үй» сериалының режиссері Карлаг жайлы фильм түсіреді

«Қағаз үй» сериалының режиссері Карлаг жайлы фильм түсіреді
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 30.06.2023 10:11 1044

Мадридте Қазақстан мен Испания кинопродюсерлері арасында «Карлаг» лагері туралы көркем фильм түсіру туралы келісімшартқа қол қойылды,

Фильм режиссері – «Қағаз үй» сериалы арқылы танылған испаниялық Мигель Анхель Вивас.

Қазақстандық тараптың шығармашылық бөлігін медиаменеджер Ерлан Бекқожин басқарады.

Біз испан продюсерлерімен бір жылдан астам уақыт бойы келіссөздер жүргіздік және 2024 жылдың басында түсірілімге кірісу туралы шешім қабылданды. Бастапқыда фильм Қазақстанда түсіріледі деп болжанған, алайда қаңтар оқиғасына байланысты Испанияға ауыстырылды, - деді Бекқожин.

Оның айтуынша, фильмнің мақсаты 30-50-жылдары Карлагтағы жағдайды барынша шынайы жеткізу ғана емес, сонымен қатар халықаралық аудиторияның назарына да ие болуы керек.  

Бұл Қазақстан үшін алғашқы халықаралық тәжірибе. Оның осындай ауқымды болатыны қуантады. Фильм халықаралық прокатқа шығады деп жоспарлап отырмыз. Кинолентаның болжамды көрермені – 2 млрд адам. Бюджет – коммерциялық құпия. Дегенмен оның басым бөлігін испан тарапы өз мойнына алды.

Фильм төрт тілді шығады - испан, қазақ, орыс және ағылшын, - дейді Бекқожин.

Ерлан Бекхожин Карлаг жайлы түсіретін фильм режиссеріне де тоқталды.

Әңгіме «Қағаз үй» сериалы арқылы әлемге танылған Мигель Анхель Вивас жайлы. Кино әлемі оны ең дарынды режиссерлердің бірі деп біледі.

Фильм сюжеті жазылған. Кастинг жалғасып жатыр. Испаниядағы түсірілімге қазақстандық 15 әртіс барады деп жоспарланып отыр, - деді ол.

Қазақстаннан Бекқожиннен бөлек Amanat Capital және Umaifilm компаниялары қатысады. Фильм продюсерлері – Аманат Қонақбаев, Жарасхан Күлпиенов, Әлия Далабаева, Дайыр Қаракеев.

Испаниядан Цезарь Бенитес пен Эмилио Амаре басқаратын Plano a Plano кинокомпаниясы жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға