Жаңалықтар

Қабирхан дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысуы мүмкін

Қабирхан дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысуы мүмкін
Фото: instagram.com/racingdubai 29.08.2024 17:00 1214

Бірнеше халықаралық бәйгеде топ жарған қазақстандық тұлпар Қабирхан дүниежүзілік Көшпенділер ойынына қатысуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен айтты.

Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр. Оның ішінде 24-і ертең келеді. Сол 24 аттың барлығының да атақтары бар, бүгінгі күнге дейін жеңістерге жеткен. Әлем чемпионатында жеңген Нұрғасқа сәйгүлігі бар, онымен Құрманбек Тұрғанбек атты үкілеген үмітіміз өнер көрсетеді. Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты талай бәйгеде топ жарған аттар келуі ықтимал. Тіпті Дубайдағы бәйгеде жеңіске жеткен Кабирханды білесіздер, Кабирхан келеді деп жоспарланған, - деді Қ.Мәулен «Қазанат» ипподромында өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда Қайырхан Мәуленнің айтуынша, әлі де ауа райы мен транспортқа байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға