©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Путинцева Бирмингем WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингем WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз финалда Аустралия өкілі Айла Томляновичті екі сетте де қапы қалдырып, 2:0 есебімен ұтты. Ол алғашқы сетте нәтижені 6:1-ге жеткізсе, екінші партияда тай-брейкке дейін барды. Алайда, ол барын салып, есепті өз пайдасына шетті (7:6).

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 44-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттоны ұтқан болатын. Екеуара ойында ол 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.