Жаңалықтар

Путиннің Өзбекстанға сапарын тарихи деп бағалауға болады – Мирзиёев

Путиннің Өзбекстанға сапарын тарихи деп бағалауға болады – Мирзиёев
Фото: president.uz 28.05.2024 13:51 572

Өзбекстан президентінің «Көксарой» резиденциясында Шавкат Мирзиеев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Брифингте Шавкат Мирзиеев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының президенті болып қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарларының бірі Өзбекстаннан басталғаны өзбек халқына деген ерекше құрметі және екі ел арасындағы жоғары серіктестік пен өзбек-орыс қарым-қатынасын тереңдетудің көрінісі деп бағалады.

Ресей президентінің мемлекеттің іссапары - біздің көпжоспарлы серіктестігіміздің жаңа бағытын анықтайтын тарихи оқиға, – деді Шавкат Мирзиёев.
Өзбекстан президенті бұл саммитке дайындық жоғары деңгейде жүргізілгенін атап өтті. Екі елдің парламентарий кездесулері, саяси кеңесулері мен үкімет өкілдерінің кездесулері жемісті өткенін де тілге тиек етті.

Кездесулер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылды, соның ішінде Өзбекстанда аз қуатты атом электростанциясының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы келіскенін атап өткен жөн.

Барлық көшбасшы елдер өздерінің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын атом энергиясы есебінен қамтамасыз етеді. Қомақты уран қорына иелік етіп және оны үшінші елдерге экспорттайтындықтан, Өзбекстанның дамуының жаңа кезеңі туралы ойласақ, онда бұл жоба біз үшін өте маңызды, – деді Шавкат Мирзиёев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға