Путин Украинаға келіссөздерді қайта бастауға ұсыныс жасады
11.05.2025 09:57
Фото:
Ресей президентінің баспасөз қызметі
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинамен бейбіт келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 11 мамыр күні түнде Кремльде жасаған ресми мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Путиннің айтуынша, келіссөздер ешқандай алдын ала шарттарсыз 15 мамыр күні Түркияның Ыстамбұл қаласында өтуі мүмкін.
Келіссөздер барысында жаңа бітімге келу мүмкіндігін жоққа шығармаймын, – деді Ресей басшысы.
Алайда қазіргі уақытқа дейін Киев бұл ұсынысқа қатысты ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер 2022 жылы дәл осы Ыстамбұлда өткен болатын. Бірақ кейін тараптар келісімге келе алмай, келіссөздер тоқтап қалған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

