Путин Қазақстанға не үшін келеді? СІМ жауап берді
Путин күзде Қазақстанға келеді. Нақты қай күні келетіні әзірге белгісіз. Сыртқы істер министрлігі өкілі Айбек Смадияров Путиннің ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін келетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форум Қостанайда өтеді.
Бұл - жылда өтетін дәстүрлі форум. Бір жыл Қазақстанда, бір жыл Ресейде ауысып болып отырады. Екі ел президенттері мен шекарада орналасқан облыс басшылары бас қосады. Форумның арқасында шекара маңындағы аймақтар келісімге келіп, қол қояды. Шекаралас болғаннан кейін сауда-саттық, адамдар арасындағы қарым-қатынас болуы керек, - деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ Смадияров «форумды ұйымдастыруға миллиардтаған ақша бөлініп жатыр» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Қанша ақша бөлінетінін білмедім. Ұйымдастырушы – басқа министрлік. Үлкен дайындықты талап етеді. Оңай емес қой. Екі жақтан бірнеше облыс басшылары қатысады. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге күні белгіленген жоқ, - деді ол.