© El.kz

Путин 24 жылда алғаш рет Солтүстік Кореяға барды

Ресей президенті Корей Халық Демократиялық Республикасына 24 жылда алғаш рет ресми іссапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Владимир Путин Пхеньянға барды. Бұған дейін ол КХДР-да 2000 жылы болған.

Солтүстік Корея басшысы Ресей президентін әуежайдан күтіп алып, сонан соң кортеж қалаға аттанды.