©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Психолог күзгі күйзеліске жол бермеудің жолдарын атады

Күзгі күйзеліс әдетте қазан айына қарай байқала бастайды. Өйткені күннің сәулесі азайып, күн қысқарады. Дегенмен мұндай күйдің алдын алуға болады. СамММУ психология орталығының директоры Елена Мазанкина RT-ге берген сұхбатында маусымдық көңіл күйдің төмендеуінен сақтану тәсілін атады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Маманның сөзінше, күзгі депрессияның белгілеріне апатия, адамдармен араласудан қашу, көңіл күйдің төмендеуі, шаршағыштық пен қажу жатады. Бұл жағдайдың өршуіне жол бермеу үшін ол физикалық белсенділікті сақтап, құнарлы әрі әртүрлі тағам тұтынуға кеңес берді.

Тіпті қысқа серуеннің өзі серотонин деңгейін көтеріп, жалпы жағдайды жақсарта алады. Көңілсіздікке беріліп, төсектен тұрғыңыз келмесе де, күнделікті дағдылы істерді орындауға тырысыңыз. Алдын ала жоспарлар мен ұсақ мақсаттар жағдайды бақылауда ұстауға көмектеседі. Сондай-ақ тұрақты ұйқы режимін қадағалаған жөн, – деді ол.

Ал жағдай ушыға берсе, маманның көмегіне жөн екенін ұмытпаңыз.