Жаңалықтар

Пропорционалды сайлау жүйесі туралы не білеміз?

Пропорционалды сайлау жүйесі көптеген дамыған елдерде қолданылады және нәтиже де жаман емес.
22.01.2016 10:14 39906

Осы күндері еліміздің қоғамдық-саяси алаңында Парламент Мәжілісі депуттарын мерзімнен бұрын сайлау бастамасы қызу талқылануда. Егер Мемлекет басшысы депуттардың бастамасын қолдап, Парламент Мәжілісінің өзін-өзі тарату өтінішін қанағаттандырса, екі айдан соң сайлау болады. Бірақ бұл жолы жеке адамға емес, партияға дауыс береміз және ол пропорционалды сайлау жүйесі деп аталады. Бүгін біз сайлау жүйесінің осы бір түрін түсіндіре кетеміз.

Пропорционалды сайлау жүйесі туралы не білеміз?

Қазақстан Республикасы 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы күнге дейін демократияландыру үдерісін  жүргізіп келеді: демократиялық дамыған мемлекеттерге сай, Конституция қабылданып, биліктің үш тармағы орнатылды, сөз бостандығы жарияланды, цензураға тиым салынды, жалпыға бірдей сайлау құқығы енгізілді.  

Сайлау жүйесіндегі негізгі мәселе заң шығарушы орган мүшелерін, яғни Парламент депутаттарын айқындау болып табылады, себебі бұл процес өзге сайлауларға қарағанда өте күрделі. Мәселен, Президентті сайлау әлемнің көп елдерінде бірдей өтеді, өйткені халық бір ғана адамды анықтайды. Ал Парламент сайлауында ондаған немесе жүздеген депутат бір күнде анықталады және бұл ерекше әдісті талап етеді.

20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Республикасында Парламент депутаттарын айқындау әдісі бірнеше рет өзгертілді. Ең алғашқы болып мажоритарлы жүйе қолданса, одан кейін аралас жүйе енгізілді. Қазіргі күні заң шығарушы орган өкілдері пропорционалды әдіс арқылы сайланады. Пропорционалды сайлау жүйесі көптеген дамыған елдерде қолданылады және нәтиже де жаман емес. Қазақстан толықтай пропорционалды жүйеге көшкенде сол шетелдік озық тәжірибесіне қол жеткізу көзделген болатын.

20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Республикасында Парламент депутаттарын айқындау әдісі бірнеше рет өзгертілді. Ең алғашқы болып мажоритарлы жүйе қолданса, одан кейін аралас жүйе енгізілді. Қазіргі күні заң шығарушы орган өкілдері пропорционалды әдіс арқылы сайланады. Пропорционалды сайлау жүйесі көптеген дамыған елдерде қолданылады және нәтиже де жаман емес. Қазақстан толықтай пропорционалды жүйеге көшкенде сол шетелдік озық тәжірибесіне қол жеткізу көзделген болатын. Сайлау жүйесінің түрлері.

Сайлау жүйесі – сайлауда дауыс беру арқылы  билік органдарын жасақтау процесін реттейтін ережелер мен әдістердің жиынтығы. Сайлаудың негізгі екі түрі бар: мажоритарлы және пропорционалды.

Мажоритарлы жүйе - сайлау кезінде  көпшілік  дауысқа ие болған үміткер жеңіске жетеді. Бұл жүйенің өзі екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік мажоритарлы жүйеде үміткер билік органына сайлану  үшін 50 пайыздан астам дауысқа ие болуы шарт болса, салыстырмалы мажоритарлы сайлау жүйесінде үміткерге өз қарсыластарына қарағанда көбірек дауыс жинаса жеткілікті болады. Сайлаудың бұл түрі көп жағдайда мемлекет басшысын, ел президентін, парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлерін анықтаған кезде пайдаланылады. Кейбір елдерде мажоритарлы жүйе заң шығарушы органның кіші палатасы, яғни Парламент  депутаттарын сайлау кезінде де қолданылады (АҚШ, Франция, Англия). Қазақстанда абсолютті мажоритарлы жүйе қызмет етеді.

Пропорционалды жүйе – саяси партияның жинаған дауыстары мен жеңіп алған мандаттары арасында пропорционалдылық принципіне негізделетін сайлау жүйесі. Өкілді органға үміткерлерді тек партиялар ғана ұсына алады. Пропорционалды жүйе тек қана заң шығарушы орган депутаттарын сайлаған кезде ғана қолданылады.

Сайлаудың пропорционалды жүйесі үміткерлердің тізіміне байланысты екіге бөлінеді: ашық және жабық. «Ашық тізімде» сайлаудың әдісіне байланысты бір немесе бірнеше үміткерге дауыс беріледі немесе партиялық тізімдегі үміткерлердің реттік орны анықталады (Финляндия, Бразилия, Нидерланды).  «Жабық тізім» кезінде сайлаушылар тек партиялық тізім бойынша дауыс береді (Еуропарламент, Израиль, ОАР, 2007 жылдан кейін Ресей).  Қазақстан Республикасы Конституциясының 95-бабының, 2-тармағына сәйкес, Парламент Мәжілісі депутаттары партиялық тізім негізінде сайланады, яғни пропорционалды жүйенің ішінде «жабық тізімі» қолданылады.

Сондай-ақ пропорционалды және мажоритарлы сайлау жүйесінің қосындысынан тұратын аралас сайлау жүйесі бар. Аралас сайлау жүйесінде бүкіл мандаттардың тек бір бөлігі партиялық тізіммен, қалған бөлігі жекелеген үміткерлерге дауыс беру арқылы анықталады. Парламент сайлауы кезінде сайлаушылар жекелеген тұлғаға және партияға екі бөлек дауыс беріп отырды. Қазақстанда аралас сайлау жүйесі алғаш рет 1999 жылы Парламент Мәжілісі сайлауында қолданылды. Сайлаудың нәтижесі бойынша, партия өкілдеріне 77 орыннан 10-ы берілді. Екінші рет сайлаудың бұл жүйесі 2004 жылы қолданылды.

2007 жылы Ата заңымызға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда пропорционалды сайлау жүйесі қолданылатын болды. Содан бері 2007 және 2012 жылдары пропорционалды сайлау жүйесі арқылы 4 және 5 шақырылым депутаттары сайланды. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға